Ресейлік ғалымдар коронавирустың суда қанша уақыттан кейін өлетінін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Зерттеу Роспотребнадзордың "Вектор" орталығында жүргізілген.
Ғалымдар коронавирустың барлық дерлік бөлшегі (90%) бөлме температурасындағы суда 24 сағат, ал 99,9%-і 72 сағаттың ішінде өлетінін анықтады.
Хлорсыз суда және теңіз суында вирус көбеймейді, бірақ өміршеңдігін сақтайды. Вирустың өз белсенділігін жоғалту уақыты су температурасына тікелей байланысты.
Қайнаған суда вирус толығымен жойылады, хлорланған суда өміршеңдігін жоғалтады, деп нақтылады олар.
Наурыз айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясын жариялады.
Соңғы дерекке сүйенсек, бүкіл әлемде 16,5 миллионнан аса адам вирус жұқтырған, оның 650 мыңнан астамы көз жұмды.