Бәйтерек монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды

Фото: «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институтының Facebook парақшасынан
Фото: «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институтының Facebook парақшасынан
Сәулетші 1956 жылы Ақмола облысында дүниеге келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сәрсенбі, 29 шілде күні Қазақстан сәулетшілер одағының басшысы, «Бәйтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Суыт хабарды «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институты хабарлады. Институт құрметті сәулетшінің жақындарына көңіл айтты.

Рүстембеков Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының мүшесі, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі.

Рустембеков «Астана-Байтерек» монументінің авторы. Жоба Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын.

«Астана-Бәйтерек» нысаны үшін сәулетшіге Халықаралық сәулетшілер қауымдастығының байқауында 2002 жылдың үздік құрылыс нысаны аталымында гран-при мен Алтын медаль берді.

Сәулетші 1956 жылы Ақмола облысында (Қоржалжын) дүниеге келген.

Новости партнеров