Батыс Қазақстан облысында коронавирустан 1 адам көз жұмды

01.06.2020 в 15:29

Қайтыс болған науқас – 1967 жылғы азамат

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Қайтыс болған науқас – 1967 жылғы азамат.

«Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген хабарламада..

Қазақстанда COVID-19 вирусынан барлығы 41 адам қайтыс болды.