1 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта тек үш аймақ қалды
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.