25 маусымда коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды
25 маусымдағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 85 оқиғасы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздан бастап бүгінге дейін коронавирус пневмониясына барлығы:
шалдықты – 56 925 адам,
қайтыс болды – 983,
жазылды 52 143 науқас.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 25 маусымда коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 25 маусымы аралығында індеттің 418 114 жағдайы тіркелді, 4306 адам қайтыс болды.