Коронавирустан емделіп жатқан 268 адамның жағдайы ауыр

08.02.2021 15:31

49 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото. ашық дереккөзден

8 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 028 адам короновирус инфекциясынан (16 770 КВИ+ және 10 258 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 5 804 пациент стационарда, 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 268 адамның жағдайы ауыр; 

• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.