Қазақстандағы коронавирус бойынша 14 сәуірдің 23:20 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 33 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 14 адам, Батыс Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Атырау облысында – 6 адам, Алматы қаласында – 8 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Ақтөбе облысында 1 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv ресми дереккөзге сілтеме жасап.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 282 адам, Алматы қаласында – 358 адам, Қарағанды облысында – 78 адам, Ақмола облысында – 79 адам, Атырау облысында – 69 адам, Жамбыл облысында – 49 адам, Шымкент қаласында – 39 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 24 адам, Ақтөбе облысында – 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 11 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 121 адам, Батыс Қазақстан облысында – 12 адам, Түркістан облысында – 49 адам, Қостанай облысында – 5 адам, жалпы 1232 науқас тіркелді", – делінген хабарламада.