Италия тұрғындарына таза ауада да маска киюге міндеттелді

09.10.2020 15:32

Бұған дейін үкімет ТЖ режимін 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін ұзартқан болатын

ru.euronews.com

Апенниныда 24 сағат ішінде 4458 адамнан инфекция анықталды, бұл бір күн бұрынғымен салыстырғанда мың адамға артық. Бұл сонымен қатар сәуір айының басынан бергі күн сайын анықталатын коронавирус жұқтыру жағдайларының ең көп өсімі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews -ке сілтеме жасап. 

Эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты ел үкіметі азаматтарды мемлекеттің барлық аумағында, тіпті, ашық ауада да маска киюге міндеттеді. Жалғыз немесе жақын адамдармен бірге болғанда, 6 жасқа дейінгі балаларға, созылмалы аурулары бар адамдарға, сондай-ақ таза ауада спортпен айналысушыларға ғана маска кимеуге рұқсат етіледі. 

Маскалық режимді бұзғаны үшін 400-ден 1 000 еуро дейін айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ билік өнеркәсіптік және экономикалық жаңа шектеулерге жол бермеуге тырысуда. Дегенмен жергілікті жағдайға байланысты «қызыл аймақтар» енгізілуі мүмкін. Бұған дейін үкімет ТЖ режимін 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін ұзартқан болатын.