Алматыда өткен тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды

07.05.2022 15:33

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1 305 584

ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп  хабарлайды Almaty.tv  тілшісі coronavirus.kz  сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 3, Алматы және Қызылорда облыстарынан - бір бір адамнан анықталды.

Сонымен қатар 107 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 584 жетті.