«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары
2021 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қызыл» аймақта еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды.
«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.