|
22.07.2021 | 10:35
955

Коронавирустың қолдан жасалғаны рас па – Ухань институты мәлімдеме жасады

Ғалымдар арасында COVID-19 жасанды жолмен жасалған деген консенсус бар

Коронавирустың қолдан жасалғаны рас па – Ухань институты мәлімдеме жасады Фото: ашық дереккөзден

Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Бұл туралы Ухан ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры, институттың ғылыми қызметкері Юань Чжимин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ухан вирусология институты COVID-19-ды зерттемеген. Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Үшіншіден, институттың бірде-бір қызметкері мен студенті осы күнге дейін COVID-19 жұқтырмады», – деді Юань Чжимин брифингте.

Ол бүгінде вирустың қолдан жасалып не зертханадан тарағанына қатысты бірде-бір дәлел жоғын атап өтті.

«Ғалымдар арасында COVID-19 жасанды жолмен жасалған деген консенсус бар. Сарапшылар бүгінде вирустың жасанды жолмен өндіріліп не зертханадан тарағанына қатысты дәлел жоқ екені туралы мәлімдемелер жасады», дейді Юань Чжимин.

Еске салайық, коронавирус тарай бастағаннан бері түрлі БАҚ-та вирус Ухандағы вирусология институтынан тарап кеткен болуы мүмкін екені туралы жазылған болатын. Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Ухан вирусология институтына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир