Ол қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауында екенін айтты
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да коронавирус індетін жұқтырып алғанын жазды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID-19 симптомдарын бастан өткерудемін. Қазір вирустың таралу ықтималдылығы артты. Сондықтан азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасына.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Bekbolat Tleukhan (@bekbolat.tleukhan)11 Июн 2020 в 2:11 PDT