«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Алмалы және Жетісу аудандарының дәрігерлері, Nur Otan партиясының мүшелері алматылықтармен «Ана денсаулығы-ұлт денсаулығы» тақырыбында онлайн-конференция өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
№8 қалалық емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева Алматы қаласының Алмалы ауданында халқының құрылымында 130 мың әйел тұратынын, бұл шамамен, аудан халқының 60%-ын құрайтын бөлік екенін атап өтті.
«Бұл ретте әйелдердің жартысынан көбі репродуктивті жаста. «Әйелдер –қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық өзгерістерге бірден сезімталдық танытады. Бұл ең алдымен өз денсаулығының жай-күйіне, өз балаларының репродуктивті мінез-құлқына айрықша әсер етеді», - дейді Фарида Әбубакірқызы.
Өз кезегінде қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев балалардың денсаулығын анықтайтын факторлардың ішінде лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз етуде, туа біткен ауытқулардан қорғауда, балалар жасындағы кем даму мен аурулардың қаупін төмендетуде, кемшеліктері әсіресе жүктілікке дайындық және ұрық көтеру кезеңінде әйелдің тамақтануы үлкен рөл атқаратынын атап айтты.
Жетісу ауданында жалпы практика дәрігері Шәмшінұр Мұсаева қазіргі уақытта коронавирустық инфекция жағдайы жүкті әйелдердің көңіл-күйінің нашарлауына себеп болғанын айтты. Өкінішке қарай, жүктілік кезіндегі болашақ аналардың көпшілігі қорқынышқа бой алдырады. Олардың көпшілігі дәрігерлердің қабылдауына барудан бас тартып, сақтық шараларын қолдана отырып, үйде болғанды жөн көреді. Шәмшінұр Махамеджанқызы бұл мәселе бойынша нақты түсініктеме беріп, жүкті әйелдер арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы айтты.
Онлайн-конференцияға қатысушылар ұлттың денсаулығы мен репродуктивті әлеуетті сақтау стратегиясының көптеген бағыты бар деген қорытындыға келді, олардың ішінде ең бастысы, мемлекеттік белсенді демографиялық саясат, репродуктивті денсаулықты қорғау, білім беру, денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік көмек, қоғамдық ұйымдардың жұмысы және т.б.