Коронавирустан емделіп жатқан 2 мыңға жуық адамның жағдайы ауыр

03.08.2021 15:37

395 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

3 тамыздағы мәлімет бойынша 102 839 адам коронавирус инфекциясынан (100 145 КВИ+ және 2 694 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның ішінде 29 138 пациент стационарда, 73 701 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: 

- 1 707 адамның жағдайы ауыр 

- 395 пациенттің жағдайы өте ауыр 

- 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.