Дәрігерлер үй жануарларын мүмкіндігінше үйде ұстап, олардың басқа жануарлар немесе адамдармен байланысын шектеуге кеңес береді
Нью-Йорк штатында екі үй жануарынан алынған тест оң нәтиже көрсетті. Мұндай жағдай АҚШ-та тұңғыш рет болып отыр, деп хабарлайды zakon.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.
Белгілері тұмауға ұқсас ауруға шалдыққан екі мысық коронавирусты адамнан жұқтырған болуы мүмкін. Доктор Кейси Бартон Бейравиш үйінде жануар ұстайтындарды сабырлық сақтап, ит-мысығын тестілеуге апармауға шақырды.
"Адамдар өз үйіндегі үй жануарларынан қорықпасын. Вирустың жануардан адамға жұғатыны әлі дәлелденген жоқ", – деді ол.
Әйтсе де дәрігерлер үй жануарларын мүмкіндігінше үйде ұстап, олардың басқа жануарлар немесе адамдармен қатынасын шектеуге кеңес береді.
Бұған дейін коронавирус инфекциясын Бронкс (Нью-Йорк) хайуанаттар бағында ұрғашы арыстан жұқтырған болатын. Бұл арыстан коронавирус жұқтырған әлемдегі тұңғыш жағдай болды және АҚШ-та вирустың жануарға жұғуының алғашқы жағдайы болған. Төрт жасар арыстан Надия коронавирусты зообақ қызметкерінен жұқтырған болуы мүмкін.