Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта
Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің төрт облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
2 ақпандағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта: Ақмола, Батыс, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары.
Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта.