Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 782 науқастың жағдайы ауыр

07.05.2021 21:43

115 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр

Almaty.tv

7 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 42 436 адам коронавирус инфекциясынан (41 965 КВИ+ және 471 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін тағы 2 840 отандасымыздан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша жалпы жұқтырғандар саны 337 мыңнан асты. Ал кеше 25 науқас көз жұмған. Пандемия басталғалы бері 3 мың 858 азамат кеселдің құрбаны болды. Емделіп жатқан 42 436 адамның ішінде 782 адамның жағдайы ауыр болса, 188 пациенттің халі тым нашар. 155 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Толық көрсету