Елорда «қызыл» аймақтан шықты

11.02.2021 15:41

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары

Фото: fergana.agency

Нұр-Сұлтан «қызыл» аймақтан шықты. Ал Атырау «жасылға» ауысты. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанның қай өңірі «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақта екенін көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

11 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Павлодар облыстары қалды.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» –аймақта қалған барлық өңір.