Ұйым жетекшісі атап өткендей, пандемия кезінде адамдарда қорқыныш сезімдері күшейіп, психикалық денсаулығы бұзылды
Коронавирустық пандемия ғаламшардағы миллиондаған адамның психикалық денсаулығына кері әсерін тигізді. Мұндай мәлімдемені Женевада өткен брифингте ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебресиес жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Ұйым жетекшісі атап өткендей, пандемия кезінде адамдарда қорқыныш сезімдері күшейіп, психикалық денсаулығы бұзылды. Бұған көптеген елдерде шектеу шараларын енгізу және соған байланысты адамдар арасындағы өзара әрекеттесудің болмауы ықпал еткен.
Гебрейесус атап өткендей, миллиардқа жуық адам психикалық ауытқулардан зардап шегеді. Дегенмен сапалы медициналық көмек халықтың өте аз бөлігі үшін ғана қол жетімді.