Алматы облысында блок-бекеттер алынды

18.05.2020 15:41

Карантин режимі мен мерзімі аймақтағы COVID-19 жағдайына байланысты болады

открытые источники

Бүгіннен бастап Алматы облысында аудандар мен қалалар арасындағы блок-бекеттер алына бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дегенмен мемлекеттік шекарада, басқа облыстармен шекарада, Алматы және Талдықорған қаласының айналасында шектеу сақталады. Ал жұқпалы індет тіркелген елді мекендер қоршауға алынады. 

Мұндай ақпарат Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің аймақ ішіндегі блок-бекеттерді алып тастау туралы қаулысында көрсетілген. Сондай-ақ, қаулыда карантинді біртіндеп жеңілдету жалғаса беретіні ескертілген. Оның тәртібі мен мерзімі аймақтағы ахуалға байланысты болады.