Қазақстанда тағы 17 адам пневмониядан қайтыс болды

platon.asia
platon.asia
Елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 8 054, 86 өлім жағдайы тіркелді.

«Денсаулық сақтау министрлігі тәуліктік деректер және оң ПТР-тесті бар коронавирустық инфекциядан ауырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны, сондай-ақ теріс ПТР-тесті бар КВИ туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда күнделікті форматта жарияланатынын хабарлайды», – деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Өңірлер бойынша ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің брифингтері барысында апта сайынғы негізде ұсынылатын болады.

Новости партнеров