Мавритания әлем елдерінің ішінде коронавирус індетін жеңген ең алғашқы мемлекет болып отыр деп хабарлайды Kaz.nur.kz BFM.ru порталына сілтеме жасап.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы күндері мемлекетте ешқандай өлім жағдайлары тіркелмеген. Коронавирус жұқтырудың бірде-бір жағдайы анықталмаған. Елде бар-жоғы 17 адам коронавирус жұқтырған, вирустан тек бір адам қайтыс болған.
Мавритания билігінің жедел қабылдаған шараларын да айта кету керек. 13 наурыз африкалық мемлекетте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген соң, бірден шекара жабылып, жиналыстарға тыйым салынған, мектеп, мейрамханалар мен базарлар жабылған.
Билік басындағылар түнгі комендант сағатын енгізіп, халықаралық тасымалға тыйым салған. Алайда халықтың қауіпсіздігін ескере отырып, елде коронавирусқа тексеру әрі қарай жалғасып жатыр.