Жарыс 31 тамыз күні басталады
31 тамыз күні үлкен теннистен US Open турнирі басталады. Алайда, көптеген танымал спортшылар індет кезінде жарысқа қатысудан бас тартып отыр, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.
«Қазіргідей кезеңде АҚШ-қа барғым келмейді. Нью-Йоркте коронавирус әлі де басылған жоқ. Карантинге қатысты да сұрақтар бар. Індет кезінде жарыс ұйымдастыру көп күдік тудырады», – дейді Вавринка.
Әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, австралиялық Ник Кирьостар турнирден тыс қалмақ. Ұйымдастырушылар биылғы турнирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр.