Коронавируспен ауырған Түркістан облысының тұрғыны сау баланы өмірге әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түркістан облысында COVID-19 20 жастағы жүкті әйелден анықталды. Әйел жүктіліктің 39-аптасында ЖРВИ белгілерімен Сайрам аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Зерттеу нәтижесі науқастың коронавирустық инфекция жұқтырғанын көрсетті. Дәрігерлер кеңес беріп, ем тағайындады. Нәтижесінде әйел дені сау, салмағы 3,4 кг баланы дүниеге әкелді.
Нәресте коронавирусқа бірден тексерілді, нәтиже теріс болды. Қазіргі кезде дәрігерлер ана мен баланың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Бұл жас ананың алғашқы жүктілігі.
Өткен жылы облыста коронавирусты жұқтырған 122 әйел сәтті босанғанын айта кеткен жөн. Жыл басынан бері Түркістан облысында 15 мыңға жуық бала дүниеге келді, ал 2020 жылы - 61 274 бала туды. Облыс республикада туу қабілеті бойынша көш бастап тұр.