Алматыда өткен тәулікте 93 адам COVID-19 жұқтырды

10.01.2022 в 15:42

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 997438

Қазақстанда өткен тәулікте 2 087 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.


Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 1442, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы - 123, Ақмола облысы - 31, Ақтөбе облысы - 19, Алматы облысы - 28, Атырау облысы - 42, Шығыс Қазақстан облысы - 16, Жамбыл облысы - 35, Батыс Қазақстан облысы - 55, Қарағанды облысы - 49, Қостанай облысы - 19, Қызылорда облысы - 35, Маңғыстау облысы - 25, Павлодар облысы - 35, Солтүстік Қазақстан облысы - 9, Түркістан облысы - 31. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 997438.

Қазақстанда өткен тәулікте 514 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 100, Шымкент қаласы - 37, Ақмола облысы - 46, Ақтөбе облысы - 25, Алматы облысы - 2, Атырау облысы - 7, Шығыс Қазақстан облысы - 3, Батыс Қазақстан облысы - 95, Қарағанды облысы - 64, Қостанай облысы - 10, Қызылорда облысы - 12, Павлодар облысы - 37, Солтүстік Қазақстан облысы - 75, Түркістан облысы - 1. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 964166.