|
09.03.2021 | 10:43
1140

Әлемде бір күнде 350 мың адам коронавирус жұқтырған

Жер бетінде коронавирус дертінен ер адамдардан гөрі әйелдер қауымы көбірек зардап шеккен екен

Әлемде бір күнде 350 мың адам коронавирус жұқтырған Фото: ашық дереккөзден

Әлем бойынша бір тәуліктің ішінде 354 мың 629 адам коронавирус індетіне шалдыққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Осылайша пандемия басталғалы бұл дертті 116 миллионнан астам адам жұқтырған екен. Олардың  2,5 миллионнан астамы көз жұмды.

Ұйым өкілдері вирустың таралуы сәл де болса бәсеңдегенмен, аурудың екінші толқыны әлі де аяқталмағанын алға тартады. Жалпы мамандардың жүргізген зерттеулеріне қарағанда, жер бетінде коронавирус дертінен ер адамдардан гөрі әйелдер қауымы көбірек зардап шеккен. Мәселен, нәзік жандылар тұрмыстық зорлық-зомбылық, жұмыссыздық сияқты қиыншылықтарға тап болған. Оған қоса медицина қызметкерлерінің басым бөлігі әйелдер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир