Қытайда коронавирустың жаңа штамы табылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңа штамның қаншалықты жұқпалы екендігі және аурудың қаншалықты жиі кездесетіні әлі белгісіз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайлық дәрігерлер COVID-19 індетінің жеңіл түрімен ауыратын науқастардың бірінде BA1.1. деп аталатын коронавирустың жаңа штамын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтерінше, жаңа штамм «Омикроннан» пайда болуы мүмкін. Өткен ол сенбіде Шанхай маңындағы қалада табылды және бір күн бұрын Қытайдың солтүстігінде пациенттен анықталған вирусқа ұқсас. Жаңа штамның қаншалықты жұқпалы екендігі және аурудың қаншалықты жиі кездесетіні әлі белгісіз. 

«Сондай-ақ қанша адам жұқтырғаны да белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол «Омикрон» штамы сияқты аурудың асимптоматикалық ағымын тудыруы мүмкін. BA1.1. нұсқасына да, Омикронғада Қазақстан Республикасында бар вакциналар мен бустерлер жақсы қорғаныш болуы мүмкін», - делінген хабарламада.


Новости партнеров