Коронавирус жұқтырған Елжан Біртановтың жағдайы орташа ауыр

www.inform.kz
www.inform.kz
Ем-дом клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрінің қызметін уақытша вице-министр Ләзат Ақтаева орындайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол сондай-ақ, Елжан Біртановтың жағдайы жайлы да тілге тиек етті. Анықталғаны, министр ауруханада пневмониядан ем қабылдап жатыр.

«Қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайы орташа, бірқалыпты, қанағаттанарлық деп баға беріп отыр. Елжан Амантайұлы клиникалық хаттамаға сай ем-домын қабылдауда. Оның ағзасы вирусқа қарсы терапияны жақсы көтеруде. Бүгіннен бастап министр қызметін уақытша вице-министр Ләззат Ақтаева атқарады деген шешім қабылданды. Біз алдағы уақытта Елжан Амантайұлы тез емделіп, айығып шығып, жұмысқа қайта оралады деген сенімдеміз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас АХМЕТШӘРІП.

Новости партнеров