Алматы облысы мен өзге өңірлердің тұрғындарының назарына

20.03.2020 в 15:45

Қауіпті індет – коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Алматы қаласының аумағы толығымен карантинге жабылды

kaztag.kz

Құрметті Алматы облысы мен өзге өңірлердің тұрғындары!

Қауіпті індет – коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Алматы қаласының аумағы толығымен карантинге жабылды.

Тек жүк көлігінің жүріп-тұруына рұқсат бар.

Қалаға кіруге тыйым салынды. Мегаполиске тек шаһардың тыныс-тіршілігін үздіксіз қамтамасыз ететін қызметкерлер мен денсаулық сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету салалары мамандарының кіруіне рұқсат бар.

Бұл жағдайға түсінушілікпен қарап, блок-бекеттерде дүрбелең туғызбауларыңызды сұраймыз.

Карантин біздің ортақ қауіпсіздігіміз үшін енгізілгенін естен шығармайық!