Еліміздің 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр

12.07.2021 15:45

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары

kt.kz

12 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. 

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.