|
28.08.2020 | 10:47
1698

Жамбыл облысында 83 жастағы әйел коронавирустан жазылып шықты

Ол дәрігер кеңестерін толық орындап, қан қысымының жоғары болуы, ұйқысыздық пен бүйрегінің зақымдануына қарамастан, 16 күннен соң толық жазылып, үйіне қайтып оралды

Жамбыл облысында 83 жастағы әйел коронавирустан жазылып шықты  ru.depositphotos.com

Жамбыл облысының 83 жастағы тұрғыны өзінің ерік-жігері, сауығып шығуға деген сенімінің арқасында коронавирусты жеңіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, Жуалы ауданының 83 жастағы тұрғыны Нүрипа Дәулетбай жүрегі ауырған. Оларға тағы бір ауру қосылғанда, әжей оны елемей, үйінде емделіп жүрген. Алайда денсаулығы нашарлап, құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, демігу пайда болып, тыныс алуы қиындағанда, жедел жәрдем оны Жуалы ауданының ауруханасына жеткізді. 

«Кеудесіне рентгенологиялық зерттеу жасалған соң, егде жастағы әйелге пневмония диагнозы қойылып, ол Тараз қаласының инфекциялық бөліміне ауыстырылды. ПТР талдау қорытындысы оң болып шықты, дәрігерлер әйелге «Covid-19, вирустық пневмония - 60%» диагнозын қосты. Науқас талдау қорытындысынан шошынып кетті, алайда дәрігерлер оны емдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына және оларды тыңдап, кеңестерін орындаған жағдайда, толық жазылып шығатынына сендірді», – деп баяндады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 

Жасының үлкен болғанына қарамастан, пациент әйелдің ерік-жігері мықты болып, жазылып шығатынына сенді. Ол дәрігер кеңестерін толық орындап, қан қысымының жоғары болуы, ұйқысыздық пен бүйрегінің зақымдануына қарамастан, 16 күннен соң толық жазылып, үйіне қайтып оралды. 

«Медициналық қызметкерлермен қоштасқан кезде, батыл әжей барлығына қай жағдай болмасын, жақсылыққа сеніп, күресуден шаршамауды кеңес етті», –  деп баяндады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир