Пневмониядан өткен тәулікте 1 адам көз жұмды

31.12.2020 в 15:47

2020 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясын 93 адам жұқтырып, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Аталмыш дерттен 101 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 45723 адамды құрап, 499 адам қайтыс болған. Сондай-ақ 33083 адам жазылып шыққан.