Тексеру кезінде оның ыстығы көтеріліп тұрғаны анықталған
Бүгін таңертең Уханьнан қатынаған украиналық ұшақ шетелдік азаматтарды эвакуациялады. Аталған бортпен тағы бір қазақстандық елімізге жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бастапқыда Уханьда оқитын Қазақстанның екі азаматшасын cол ұшақпен әкелу жоспарланған болатын. Алайда дене қызуының көтерілуіне байланысты біреуіне әуе кемесіне отыруға рұқсат берілген жоқ.
Қазіргі уақытта екінші азаматша қаладағы көпсалалы клиникалық ауруханада дәрігерлердің бақылауында.