Елімізде өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды

26.06.2022 19:09

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 233 жетті

фото Pixabay

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 66 жағдай тіркелді. Бұл туралы Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап хабарлайды.


Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы қаласында - 42, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында - 3, Қызылорда облысында -1 адамнан анықталды.


Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 233 жетті.