Италияда коронавирустан 3405 адам қайтыс болды

Reuters
Reuters
Еуропа елдерінде де жағдай мәз емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны Қытайдан асты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Кеше соңғы жаңалықтарымызда бұл елде 425 адамның қаза болғанын айтқан едік. Соңғы тәулікте тағы 2 адам өлді. Бұл елге індет келгелі бері 3405 адам көз жұмған. Қытайлық медицина сарапшыларының пікірінше, Италия билігінің COVID-19-мен күресу жолдары  әлі де жеткіліксіз.

Еуропа елдерінде де  жағдай мәз емес. Әлем бойынша бұл ел қауіпті індет ең көп таралаған аймақ болып танылып отыр. Мемлекетте 100 мыңнан астам адам инфекция жұқтырса, оның 4752-і жан тапсырған. Індеттің басталған аймағы Уханьда керісінше, жағдай тұрақталып келеді. Бұл елде соңғы тәулікте COVID-19-ды жұқтырғандар саны 34-ке өсіп, оның 8-і қаза болды. Бұл деректер соңғы 10 күндікпен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Америкамен қатар Ресей де коронавирусқа қарсы вакцинаны сынамадан өткізгелі жатыр. Мамандардың айтуынша, оның әсерін толықтай анықтау үшін әлі бірнеше ай керек.  Ал Түркия елінде соңғы тәулікте аурудан көз жұмандар саны 4-ке жетті. Бұл елде індетті жұқтырғандар саны 359 адам

Новости партнеров