Коронавирустық пневмония: Елімізде өткен тәулікте 3 адам қайтыс болды

02.03.2021 15:52

2021 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 13 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 213 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49307, 628 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42520 жетті.