Қатаң локдаун енгізілді

26.11.2021 15:52

Адамдарға жақын жердегі дүкенге, жұмысқа, екпеге алуға немесе ауруханаға бару үшін ғана үйден шығуға рұқсат етілген

©REUTERS

Словакия билігі бүкіл халыққа, соның ішінде COVID-19-дан айыққан және коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға 2 апталық қатаң локдаун енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Елде барлық қоғамдық тамақтану орыны жабылды, сонымен қатар азық-түлік сататын дүкендерден басқа ең қажетті тауар сататын дүкендер, дәріханалар, жанар-жағармай құю станциялары және маңызды инфрақұрылым дүкендері ғана жұмыс істейді. Адамдарға жақын жердегі дүкенге, жұмысқа, екпеге алуға немесе ауруханаға бару үшін ғана үйден шығуға рұқсат етілген.

Университеттер мен колледждер толықтай, мектептер ішінара қашықтан оқытуға көшті. Иттерді тұрғылықты жерінен 500 метрден аспайтын жерде сруендетуге болады.

Үкімет 10 күннен кейін вакцина алағандар үшін кейбір шектеулер жеңілдеуі мүмкін деп мәлімдеді. Локдаунға қоса Словакия үкіметі қозғалыс еркіндігін шектейтін 90 күндік төтенше жағдай жариялады. Елде коменданттық сағат енгізіледі: адамдарға сағат 1.00-ден 5.00-ге дейін үйден шығуға тыйым салынады.

Билік ауруханалардағы жағдай қиын деп бағалап отыр, сонымен қатар SARS-CoV-2 жаңа инфекцияларының күнделікті саны күрт көбейіп кеткен. Әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдайды бақылайтын Worldometers порталы мәліметі бойынша, Словакияда пандемия басталғалы бері 641 903 адам вирус жұқтырған, соңғы 24 сағатта 10 165 адам тіркелген.

Бұған дейін Қазақстан Словакияның ұлттық сертификаттары мен вакцинация төлқұжаттарын өзара тану мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын.