Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты
Бүгін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайрат Баймұхамбетов індетпен күрес кезінде көз жұмған. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты.
«Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», – деп жазды А. Баталов фейсбуктегі парақшасында.
Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады. Үш баланың әкесі.