Атырауда инфекциялық стационарларда 59 науқас коронавирустан ем қабылдап жатыр

16.10.2020 15:53

38 науқасқа қауіпті індет диагнозы қойылған

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 59 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 38 науқасқа қауіпті індет диагнозы қойылған.

Ал 21 науқас коронавирусты пневмониядан ем қабылдап жатыр.

«Атырау қаласындағы №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекция стационарында қауіпті індет жұқтырған 26 науқас ем алуда. Оның үшеуі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жас ерекшеліктері - 40-65 жас. Сондай-ақ, Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде ашылған аурухананың инфекциялық стационарда 33 науқас ем қабылдауда. Ал аудандардағы инфекциялық стационарда емделіп жатқан науқастар жоқ», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.