Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 798 жетті
6 маусымдағы эпидемияологиялық жағдай бойынша 10 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы - 3, Алматы қаласы - 6 және Алматы облысы 1 тіркелді.
Бұдан бөлек коронавирустан 6 адам жазылған. 132 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 32 пациент стационарда, 94 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.