1102 адам пневмонияға шалдықты

08.08.2020 в 15:54

17 өлім жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекцияcы белгілері бар пневмонияның 1102 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 12110, 137 өлім жағдайы тіркелді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. 

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.