Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта

07.04.2021 15:54

Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы орналасқан. 

Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта. Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген.