Алматыда коронавирус жұқтырған 3 263 науқас ем қабылдап жатыр. 67 адамның жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өткен тәулікте 661 адамнан коронавирус анықталды. Оның 519 симптомды, 92 симптомсыз.
«Қазір 7 мың төсек-орынның 5 610 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 263 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 103 бала. Жағдайы аса ауыр науқастар саны - 67, осындай науқастар саны артып келеді. 2558 науқастың жағдайы орташа ауыр»,– деп хабарлады басқармадан.
4 сәуірде 80 науқас ауруханадан шығарылды.
«Халық Арена» кешеніндегі мың төсек-орынға аралған стационарда 42 науқас жатыр. Карантидік төсектер бойынша «Премьер-Алатау» қонақ үйіндегі 70 орынның 10-ы бос емес. Ал, «Astana Inter hotel Almaty» қонақүйінде 5 адам бар. Ондағы төсек- орын саны 200.