Қаладағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінде тұрғындардың бірінен коронавирус анықталған

19.03.2020 15:55

Тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынған

tengrinews.kz

Алматыда бір тұрғын үй кешені тұтас карантинге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зенков көшесінің бойында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешенінде тұрғындардың бірінен коронавирус анықталған. Енді бұл жер 15 күнге карантинге жіберілді. Тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынған. Кешен аумағында адамдарды қажетті тауармен қамтамасыз ететін бір ғана дүкен қызмет ететін болады. Қазіргі уақытта қауіпті індетке шалдыққан науқас арнайы боксқа жатқызылды, онымен байланыста болған тұлға оқшауланды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте коронавирусты жұқтыру ошақтары бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір негізгі міндет - жұқтыру тізбегін үзіп, инфекцияның таралуын болдырмау.