ДДҰ басшысы коронавирустың қазіргіден де қауіпті штамы пайда болуын ескертті

21.07.2021 15:56

Бұл туралы ол Токиода Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді

ТАСС

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирустың қауіпті штамы пайда болуы мүмкін екенін ескертті, ол дельта нұсқасына қарағанда қауіптірік болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ДДСҰ басшысы Токиода Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

«Вирус кеңінен таралған сайын, оның дельта нұсқасына қарағанда қауіптірек нұсқасы пайда болуы мүмкін. Мұндай нұсқалары көбейген сайын, олардың біреуі болмаса біреуіне вакцинамыз қарсы тұра алмай қалуы ықтимал. Соның салдарынан біз әу бастағы жағдайымызға түсіп, қайта басынан бастауға тура келеді», – деп атап өтті Гебрейесус.