Қояндыда бір отбасының мүшелері коронавирус жұқтырған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Науқастар арасында 3 жастағы бала да бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вирусты жұқтырғандар Целиноград ауданында тіркелді. Олар — 1977 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел адам және 2017 жылы туған ұл бала, деп хабарлайды Almaty.tv Жедел штабтың Telegram каналына сілтеме жасап.

«Бұл азаматтардың барлығы бір отбасының мүшелері және Қоянды кентінде COVID-19 зертханалық түрде анықталған адаммен жақын байланыста болған. Бұған дейін Жаңаесіл ауылындағы Агротехникалық колледж базасындағы карантиндік стационарға оқшауландырылған», - делінген хабарламада.

Қазір Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылған.

Целиноград аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Новости партнеров