Қазақстанда коронавирустан 20 адам көз жұмды, 343 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 992 адам коронавирус инфекциясынан (–19 083+ және 2 909 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 309 пациент стационарда жатыр, 17 683 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 343 адамның жағдайы ауыр, 88 пациенттің жағдайы өте ауыр, 60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
8 желтоқсандағы тіркелген мәлімет бойынша, елімізде коронавирустан 20 адам көз жұмған.
Нұр-Сұлтанда 2 адам, Алматыда 2, Шымкентте 1, Ақтөбе облысында 2, Алматы облысында 1, ШҚО-да 2, Қарағанды облысында 1, Қостанай облысында 1, Қызылорда облысында 1, Павлодар облысында 2, СҚО-да 4, Түркістан облысында 1 адам қайтыс болған.