Індетпен ауырған 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

04.09.2020 15:57

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 924 адам емделіп жүр

inform.kz

Қазақстанда коронавируспен ауырған 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 924 адам емделіп жүр. Олардың арасында 34 бала бар. Стационарда 3 119 науқас жатыр. 2 805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.

Толық көрсету