COVID-19: Алматы «сары» аймаққа қайта оралды

22.06.2021 15:58

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы әлі де тұр

фото Victor Glutsenko

2021 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv

Оған сәйкес «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы әлі де тұр.

Ал «сары» аймақта: Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.