Коронавирус: 74 бала емделіп жатыр

10.10.2020 15:58

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 991 адам ем қабылдауды жалғастыруда

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 991 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 991 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 950 науқас жатыр.

1 041 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.